Балаларымыздың қауіпсіздігін арттыру бойынша жұмысты күшейту қажет - Асхат Аймағамбетов

Балаларымыздың қауіпсіздігін арттыру бойынша жұмысты күшейту қажет - Асхат Аймағамбетов
сурет: Bilimdinews.kz

Министр Алматыдағы білім орындарын аралады.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Алматы қаласындағы мектептер мен жоғары оқу орындарына барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Кеше жұмыс сапары кезінде Алматы қаласындағы мектептер мен жоғары оқу орындарында болдым. Педагогтармен, ведомстволық бағынысты ЖОО-ның ректорларымен және ғылыми-зерттеу институттарының басшыларымен кездестім», деп жазды министр фейсбуктағы өзінің әлеуметтік парақшасында.

Білім және ғылым министрі білім мекемелеріндегі күзет жүйесімен танысқанын, қауіпсіздікті арттыру бойынша жұмысты күшейту керектігін айтты.

«Мектепке барған кезде күзет жүйесінің, бейнебақылау камераларының жұмысымен, дабыл түймелерінің, турникеттердің орнатылуымен және т.б. таныстым. Мектептер, колледждер, ЖОО басшыларына және әкімдіктер мен министрлікке балаларымыздың қауіпсіздігін арттыру бойынша жұмысты күшейту қажет», - деп жазды ол.

Оның айтуынша, соңғы қайғылы оқиғалар мәселенің өзектілігі мен маңыздылығын көрсетеді.

«Әрине, бұл шаралардан бөлек тәрбие жұмыстарын да жүргізу қажет.  Психологтар мен әлеуметтік педагогтердің жұмысы, сонымен бірге балаларды форс-мажорлық әрекеттер туралы хабардар ету маңызды», - деді министр.

Мектеп директорларымен кездесу кезінде аттестация, басшылар ротациясы, әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мәселелері де талқыланғанын жеткізді. Жолдау аясында айтылған Президент тапсырмаларының нақты қалай жүзеге асырылатынына тоқталып өтті. Мектеп директорлары көптеген жақсы ұсыныс пен идея айтты, біз оларды алдағы жұмыстарында ескеретінін жеткізді.

«Жалпы, мұғалімдермен және мектеп директорларымен сөйлесе отырып, сұрақтардың мазмұны, мысалы, бір жыл бұрын қойған сұрақтарға қарағанда өзгергенін байқадым және бұл қуантарлық жағдай. Былтыр күн тәртібінде тұрған мәселелердің басым көпшілігі шешімін тапты», - деді ҚР Білім және ғылым министрі.

Енді талқыланатын тақырыптар оқу бағдарламаларының мазмұнына, ата-аналармен өзара әрекеттесуге, тәрбие жұмысына әлдеқашан тереңірек енгізілгенін айтты.

«Дәстүрлі форматқа оралуды талқылай отырып, ұстаздар, жалпы алғанда, оқушылардың жалпы санының сырқаттанушылық деңгейі қашықтан оқытуға өтініш бергендердің көрсеткішінен әлдеқайда төмен екенін айтты.  Мектеп оқушылары мен ата-аналардың басым көпшілігі офлайн режимде оқуға риза. Бұл білім сапасына, балалардың эмоционалды жағдайына және олардың денсаулығына оң әсер етеді», - дейді бас ұстаз.

Кездесу барысында әріптестер оқушылардың білімін толықтыру бойынша жүргізілген жұмыстар туралы айтқанын баяндады. Сонымен бірге мектептерде жан басына қаржыландыруды енгізудің тиімділігі мен артықшылықтары туралы да айтылғанына тоқталды. Министрдің айтуынша, осы жүйенің арқасында мектептер ауқымды қаржылық ресурстарға, үлкен қаржылық тәуелсіздікке ие болды, тиісінше қаржыны тиімдірек жұмсауға және маңызды мәселелерді шешуге қаражатты үнемдеуге және қайта бөлуге ынталандыру пайда болды.

Министр модернизациядан өткен мектеп кітапханасын аралағанын, «Оқуға құштар мекте» жобасын жүзеге асыру үшін мектеп кітапханасының кітапхана қоры көркем әдебиетпен толыққанын байқағанын жазды.

«Сонымен қатар, Абай атындағы ҚазҰПУ-де болдым. Министрлікке бағынышты ЖОО-ның ректорларымен кездесу өткіздім. Қорытындысы бойынша студенттердің қауіпсіздігі, сондай-ақ құрылысқа, жатақханаларды қайта құруға, оқу үдерісіне де қатысты бірқатар тапсырма бердім», - деді ведмоство басшысы.

Сонымен қатар ғылыми-зерттеу институттарының директорларымен кездескенін, ғылыми ортада Мемлекет басшысының Жолдауы аясында ғылым туралы заңнамаға енгізілетін жаңа түзетулерді талқылағанын айтты.

«Ғылыми гранттарды қаржыландыру шарттарының ұлғаюы, іргелі зерттеулермен айналысатын мекемелерге тікелей қаржыландыруды енгізу, негізгі қаржыландырудың ұлғаюы және ғалымдар өз баяндамаларында бұрыннан айтып жүрген басқа да өте маңызды өзгерістер. Кездесулерде айтылған барлық ұсыныс пен сұрақ ескерілді және олар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі. Соңында «Қазақстан Ұстазы» сыйлығы иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысып, әріптестерді келе жатқан кәсіби мерекемен құттықтадым», - деп жеткізді Асхат Аймағамбетов.