Балалардың жазғы демалысына 4,4 млрд теңге жұмсалады

Балалардың жазғы демалысына 4,4 млрд теңге жұмсалады
culture.ru

Биыл жазғы демалыс кезінде елдегі 1,8 миллионнан астам бала сауықтыру лагерлерінде демалған, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Балалардың сауықтыру демалысын қамтамасыз ету үшін «2020-2023 жылдардың каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы №1-өкімі қабылданды», - деп жазылған Үкімет басшысының жауабында.

Оның айтуынша, биыл жазда демалыспен және сауықтырумен 1 863 228 бала қамтылған. Оның ішінде «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында жыл сайын 15 мыңнан астам оқушы демалып, оңалтудан өтеді.

«2021-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетте балаларды сауықтыру, оңалту және олардың демалысын ұйымдастыру үшін 4,4 млрд теңге қарастырылған. Балалардың демалысын, жұмыспен қамтылуын, сауықтыру және оңалту шараларымен қамтамасыз ету мәселелері Үкіметтің тұрақты бақылауында», - деп түйіндеді Асқар Мамин.