Балалардың суреті не дейді?

Балалардың суреті не дейді?

Әрбір ата-ана өз баласын түсінгісі келеді, дегенмен бала өз ойын, сезімдерін, қорқыныштарын түсіндіріп, жеткізе алмайтын кездер де болады.

Ата-аналарға, тәрбиешілерге, психологтарға балалардың суреттері көмекке келе алады. Сурет баланың эмоциялары, жеке қасиеттері, қиындықтарын көрсете алады. Сурет мидың жұмысын қажет етпейтін, саналы мен бейсаналының нәтижесі. Сурет балаға маңызды мәселелер туралы сипаттай алады.

Балалар суретінің анализінде суреттің көлеміне, қағазда орналасуына, реттілігіне, түсіне, қарындашты басуына ерекше назар аудару керек. Баланың көңіл-күйі мен суретті салу қарқыны да маңызды. Сурет салу барысында айтқан сөздеріне де назар аудара отыру қажет.

Бала өмірінде маңызды адамдар суретте ашық түсті, көлемі үлкен, бәрінен биік болып салынады. Кей уақытта жануар немесе ертегі кейіпкері ретінде бейнеленуі мүмкін.

Егер бала отбасының бір мүшесін кішкентай, ұсқынсыз, барлығынан алыстатып салса, не мүлдем ұмытып кетсе, бұл адаммен қарым - қатынасы қиындығы сонша, оны тіптен жоқ болғанын қалайды. Бала өзінің суретін салуды ұмытып кетсе, ол өзін ешкімге керексіз сезінуі мүмкін.

Бір ғана суретке сүйенуге болмайды, баланың жүріс-тұрысына, басқа да суреттеріне, салған суретін сипаттауына, отбасылық жағдайына назар аудару керек.

Д.Едильбекова,

АИБД ҰҒПО диагностикалық-кеңес беру бөлімінің психолог маманы 

Сенсорлық бөлме туралы

АИБД ҰҒПО РММ-де балалар үшін ерекше атмосфера құрылды, жағымды эмоцияларға, іс-әрекетке ынталандыруға қол жеткізуге ықпал ететін пәндік-дамытушы орта ерекше түрде ұйымдастырылды. Бұл қараңғы сенсорлық бөлме, онда қоршаған ортаның тыныш түс схемасы, жұмсақ жарық, тыныштандыратын нәзік музыка, түрлі ынталандырғыштар, көру, есту, иіс сезу, жанасу органдарына әсер ететін жабдықтар біздің балаларымыз үшін сиқырлы және жұмбақ білім әлемін жасайды.

Әдебиетте сенсорлық бөлменің басқа атаулары бар: психологиялық жеңілдену бөлмесі, релаксация бөлмесі, жұмсақ бөлме және т.б. Алғашқы сенсорлық бөлмені ерекше педагогикалық техниканың авторы және психикалық ауытқулары бар балаларда білімге деген қызығушылықты қалыптастыратын және дамытатын сенсорлық құрама бөліктерді жасаушы Мария Монтессори жүзеге асырғанын білесіз бе? 1907 жылы Италиядағы «Балалар үйінде» Мария Монтессори жасаған алғашқы сенсорлық бөлме жұмыс істей бастады. Ал бізде Қазақстанда алғашқы сенсорлық бөлме біздің орталықтың қабырғасында тоқсаныншы жылдары пайда болып, оны түрлі білім беру ұйымдарында, оның ішінде психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде және оңалту орталықтарында енгізуге түрткі болды.

Қараңғы сенсорлық бөлмені қолданудың негізгі бағыттары:

  • баланың психоэмоционалды жағдайын тұрақтандыру;
  • бейімделу мүмкіндіктерін нығайтуға жәрдемдесу және психоэмоционалдық жайлылық жағдайына қол жеткізу;
  • сенсомоториканы қалыптастыру және психоэмоционалды процестерді тұрақтандыру;
  • жоғары аса белсенділіктің, шиеленістің, қорқыныштың, шаршаудың деңгейін төмендету;
  • ұсақ моториканың жұмысын жақсарту;
  • сезу дағдыларын, көрнекі және дыбыстық қабылдауды қалыптастыру, ОЖЖ үйлесімді дамуы.

Бұл қараңғы сенсорлық бөлмеде жүзеге асырылуы мүмкін бағыттардың аз ғана бөлігі, бірақ оның мүмкіндіктері шексіз. Түзету және дамыту сабақтарын сауатты ұйымдастыру нәтижелі жұмысқа бейімделуге және мұғалімнің мақсаттарына жетуге көмектеседі. Сенсорлық бөлме, балалар мен жасөспірімдерге арналған жабдықты таңдау айқындамалары, балалармен сабақ кезінде белгілі бір жабдықты пайдаланудың шектеулері мен қарсы көрсетілімдері және қараңғы сенсорлық бөлме жағдайында мұғалімнің түзету және дамыту жұмыстарының басқа шарттары туралы толық ақпаратпен Сіз З.Б.Джангельдинованың «Сенсорлық бөлме жағдайында психологтың ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс істеу талаптары» атты жұмысынан АИБД ҰҒПО сайтында орналасқан «Электронды кітапхана» бөлімінде таныса аласыз.