Балалардың теледидарды көп көруі аутизмге әкелуі мүмкін

Балалардың теледидарды көп көруі аутизмге әкелуі мүмкін
Сурет: Sever-press.ru

Балаларға теледидар алдында көп отыру - зиян

Жапонияның Яманаси университеті ғалымдары балалардың бойындағы аутизм белгілерінің дамуын телебағдарламаларды көп көрумен байланыстырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.kz-ке сілтеме жасап. 

Ғалымдардың айтуынша, күн сайын көгілдір экран алдында кемінде екі сағат отыратын балаларда үш жасқа қарай аутизм 3,5 есе жиірек анықталған. Ал теледидар мүлде көрмейтін сәбилерде психикалық ауытқушылық бәрінен де сирек табылған. Ұл балаларда аутизмнің пайда болу қаупі олардың теледидар алдында отырған уақытына тура пропорционал. Алайда қыз балаларға қатысты мұндай байланыс болмаған. Бұдан «теледидар көру ұл балаларға зиян» деген тұжырым жасауға болады.