Балалардың ең көп саны Түркістан облысында

Балалардың ең көп саны Түркістан облысында
Сурет: Baigenews.kz

Бұл деректі Ұлттық статистика бюросы келтірді. 

Бүгінде Қазақстанда 16 жасқа дейін 6 162 мың бала бар, оның 51,4%-ы ұлдар болса, 48,6%-ы қыздар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қалалық жерлерде 3 664 мың бала тұрса, ауылдық жерлерде – 2 497 мың бала тұрады.

Өңірлер бөлінісінде балалардың ең көп саны Түркістан облысында – 836 мың, одан кейін Алматы қаласы және Алматы облысында, сәйкесінше 592 мың және 498 мың баладан.