Балаларды құтқарамын деп қаза тапқан азаматтың отбасы марапатталды – ТЖМ

Балаларды құтқарамын деп қаза тапқан азаматтың отбасы марапатталды – ТЖМ Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ҚР Төтенше жағдайлар министрі балаларды құтқару кезінде қаза тапқан Алматы облысының тұрғынының отбасын марапаттады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚР Төтенше жағдайлар министрі Рауан Бірқұрманованың отбасымен кездесіп, қайтыс болғаннан кейін «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалін табысатыды.


Еске салайық, оқиға 2015 жылғы 7 шілдеде болған. Алматы облысының тұрғыны Рауан Бірқұрманов отбасымен Қарасай ауданы Исаево ауылының жанындағы тоғанға барған. Осы уақытта 10-12 жастағы балалар ата-аналарының қарауынсыз суға шомылып жүреді. Кенеттен ол балалардың суға бата бастағанын байқап қалады. Ойланбастан суға секірген азамат ұл мен қызды шығарып алады. Мұнан соң тағы екі баланы құтқаруға тырысқан. Алайда, оларға қарай сүңгіп кеткен ол өзі қайтып оралған жоқ.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58