Балалардан маймыл шешегі анықталды

Балалардан маймыл шешегі анықталды
Сурет: Aussiedlerbote.de

Инфекцияның таралуы үй жағдайында орын алған

АҚШ-та балалардың маймыл шешегін жұғу дерегі тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Bteitbart сайтының мәліметінше, бұған дейін Америка Құрама Штаттарында 3 мыңнан астам адам індетті жұқтырғаны айтылған болатын. Өткен аптада Калифорния штаты мен ел астанасы Вашингтонда сәбилердің вирус жұққаны анықталған. Қазіргі уақытта балалардың денсаулығы толықтай бақылауда. Олар вирусқа қарсы ем қабылдап жатыр. 

Дәрігерлердің айтуынша, инфекцияның таралуы үй жағдайында орын алған.  

Еске сала кетейік, бұған дейін ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус маймыл шешегін халықаралық ауқымдағы төтенше жағдай деп жариялаған болатын. Ол  маймыл шешегінің жаһандық тарауы денсаулық сақтау саласында халықаралық мәнге ие апатты жағдайды тудырып отыр деді.