Балалар жазушылары кітап оқу мерекесінде бас қосты

Балалар жазушылары кітап оқу мерекесінде бас қосты
Суреттер: Facebook

Балаларды кітап оқуға баулу

Биылғы жыл Президент Жарлығымен "Балалар жылы" болып жарияланды. Әрі сәуір айының басында халықаралық балалар кітабы күні атап өтіледі. Осы күнге орайластырылып  Нұр-Сұлтан қаласындағы  "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мекемесі кітап оқу мерекесін өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 
Бұл шараға Қазақстан Жазушылар Одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры, ақын Дәулеткерей Кәпұлы, белгілі қаламгерлер Баянғали Әлімжан, Толымбек Әбдірайым, Жәки Жәкенұлы, Нұрлан Қалқа, жас жазушылар Зәуре Төрехан, Дина Ораз, ұстаз Роза Есенбаева, т.б. қатысты.

Кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған іс-шарада оқушылар шығармашылығына көңіл бөлінді. Оқушылар, ұстаздар, оқырмандар, балалар әдебиетінің өкілдері бас қосқан алқалы жиында көкейкесті мәселелер де қозғалды.