Балалар мектепте бетпердемен отыруы тиіс пе?

Алматыда бірқатар мектеп оқытудың аралас түріне көшті. Санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс, әрине.

«ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 5 жасқа дейінгі балалар ғана маскасыз жүре алады. Ал 5 жастан асқан балалар маска тағуы тиіс. Бұл мектептің басқа да қызметкерлері мен ұстаздарына қатысты», – деді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшин. Оның айтуынша, қазіргі коронавирус толқыны өткендегімен салыстырғанда балаларға жиірек жұғып жатыр. «Мысалы былтыр пандемия басталғалы 281 оқушы ауырған. Ал биыл жыл басынан бері 2 айда 500 оқушы ауырған. Бұл мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне де қатысты. Егер былтыр сәуірден желтоқсанға дейін 28 бала жұқтырса, биыл 38 бала жұқтырған», – деді спикер ӨКҚ алаңында өткен брифингте.
Ж.Бекшиннің айтуынша, балалар індетті офлайн оқу кезінде де ата-аналарынан, туыстарынан жұқтырып жатыр. «Көбінесе офлайн форматта оқитын балалардың 61%-ының отбасында жұқтырғаны анықталып отыр. Ал былтыр 4 мұғалім ауырса, биыл 10 мұғалім жұқтырған», – деді.
Қалай болғанда да, сақ болайық! Алматы «сары» аймақта тұр. Індетті өршітпеу – өз қолымызда.

Нұр ЖАМАЛ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *