Балалар біздің болашағымыз

1 маусым балаларды қорғау күніне орай Мәдениет және спорт минстірлігіне қарасты Болат Аюпхановтың басшылығындағы мемлекетттік академиялық би театры жас бүлдіршіндерге арналған «Балалар біздің болашағымыз» атты шеберлік сағатын ұйымдастырып кішігірім силықтары арқылы ақ пейілді балапандарды қуантып қайты. Бүгінгі таңда елімізде  өнерлі жастар жетерлік олардың басым көпшілігі бүгінгі таңда халықаралық жарыстарда жүлделі атанып,  көк тууымызды желбіретіп жүргенін көзіміз көріп, құлағымыз қанық болуда, осындай жас өскелеңдердің біріде бірегейі «Prima Dance» би студиясының бүлдіршіндері.

Карымбаева Айжан Несипгереевна- балет әртісі және ҚР ГАТТ балет-тәлімгері. Өнертану магистрі.

Біз,бұндай тегін шеберлік сағаттарын үнемі өткізіп отырамыз,мысалға отбасы күнінде 15-мамырда өзіміздің театр ғимаратында өткіздік.Енді бүгінгі таңда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ата-аналардың ұсынысымен , би студияларына келіп шеберлік сағатын өткіздік. Алғашында қалай сәлемдесетінін, одан кейін балеттің алғашқы қадамдарына жетелейтін «яқ , қол позициясының қозғалыстарын көрсеттік. Байқауымша қыздар өте жылдам , әрі тез қабылдап алатындықтары көрініп тұр. Не дегенменде 3-4 жас аралығындағы баларды биге баулы өте қиын оның ішінде классикалық биге. Со себептенде балалрдың ынта жігері мен, шеберліктері көңілімнен шықты.

Искакова Асел Жексенбековна- көп балалы ана. Маған айтса мен ұмытып қаламын,маған көрсетсе мен есте сақтап қаламын, ал маған мүмкіндік берсе менде мәңгілік болып қалады демекші, бүгінгі би өнерінің майталмандары қыздарымызға келіп шеберлік сағаттарын жүргізіуі олардың мәңгілік жадыларында сақталып, болашақта сол кісілер секілді болуға ұмтылдыратындықтары сөзсізғой. Осы орайда ұйымдастырушыларға, тәлімгерлерге оның ішінде Қазақстан Республикасының танымал балетмейстірі Болат Аюпхановқа алғысымызды білдіреміз. Балалар күніне арналған силықтарын көріп қыздарымызда қуанып шат шадыман болып қалды.

Ақгүл Ибрагимова- үй жағдайындағы ана. Қызымды би студиясына бергелі бір жарым жыл болды, аз ғана уақыттың ішінде фейстивальге топпен қатысып, жүлделі 2-орын иеленді .Жарыс барысында қазылар алқасында отырған академиялық би театрының  білікті балетмейстрі , балаларарымызға тегін шеберлік сағатын өткізу туралы өтініштері бізді қатты қуантты. Өздері сүйсіне қарайтын адмдардармен дидарласу , олармен бірге қимыл әрекеттерін атқару кішкентай бүлдіршіндер  үшін ғажап дүние емеспе?

 

Әзірлеген Ақтолқын ТҰРЛЫҒАЗЫ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *