Балалар Ақорданы аралап көрді

Балалар Ақорданы аралап көрді
Сурет: Egemen.kz

Елордаға еліміздің әр өңірінен 10-14 жас аралығындағы 34 оқушы келді. 

Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың бүлдіршіндері, жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан балалар, оқу озаттары, зияткерлік және шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ақорданы аралап көрді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Балалар Президенттің Ақорда резиденциясындағы «Салтанат», «Мәрмәр», «Шығыс» залдарын тамашалады.

Экскурсия соңында балаларға Президент атынан сыйлықтар табысталды.