Балабақшаларға да Ashyq керек

Балабақшаларға да Ashyq керек
Сурет: Gov.kz

Себебі эпидахуал әлі де ушығып тұр.

Бұл Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының ұсынысы, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Өткен тәулікте коронавирус 1540 адамнан анықталған. Ал тамыз айында 34 мыңнан аса адам ауру жұқтырады деген болжам бар. Алматы қазір «қоңыр-қызыл аймақта». Алдағы екі апта бойы бірқатар нысан жұмыс күндері кешкі сегізге дейін, ал «Ashyq көшбасшылары» түнгі онға дейін жұмыс істейді. Бірақ демалыс күндері жұмысын тоқтатады.

Бұл шектеулердің дәріханалар, азық-түлік дүкендері мен әкімдіктер, құқық қорғау органдары мен бұқаралық ақпарат ұйымдарына қатысы жоқ. Барлық спорттық, отбасылық шаралар қатаң бақылауда болады.

«Өткен аптада короновирус инфекциясын жұқтыру алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,5 есе өсті. Яғни бір аптада 9852 адам вирус жұқтырған. Ал тәуліктік өсім 1,7 процентке артып отыр. Науқастардың жасы бойынша жасалған қорытындыға сәйкес ауру жұқтырудың негізгі көрсеткіші егде жастағы азаматтарға тиесілі. Одан бөлек, жасөспірімдер арасында вирус жұқтыру 0,7 процентке өскенін айта кету керек», -деді «Хабар 24» сайтына сұқбат берген қалалық СЭБД басшысының орынбасары Әсел Қалықова.