Балабақша мәселесі әлі өзекті

Шолпан Рысбекқызы, N 113 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі:

– Бүгін Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың қатысуымен өткен алқа отырысында мектепке дейінгі білім беру саласындағы ең өзекті мәселелер талқыланды. Мектеп жасына дейінгі балаларды дұрыс тамақтандыру мәселелері олардың дұрыс ер жетуінің қажетті шарты болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығы мен дамуы балабақшадағы дұрыс ұйымдастырылған тамақтануға байланысты.
Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландыру мәселелері қаралды. 2021 жылдан бастап бір балаға қаржыландыру көлемі 37 527 теңгеге дейін ұлғайды. Бюджет қаражатын дұрыс бөлу және мемлекеттік білім беру тапсырысына бөлінген қаражатты мақсатты пайдалану бірінші басшылардың міндеті.
Мемлекеттік балабақшаларда орын тапшылығы мәселесі сөз болды. Қазіргі уақытта Алматыда жеке бизнесті тарту тетіктері пысықталуда. Бірінші кезекте бұл жергілікті бюджет есебінен жекеменшік балабақшаларда ата-аналардың төлемін ішінара өтеу, сондай-ақ қолданыстағы ғимараттарды қайтару немесе жаңғырту. Нәтижесінде балабақшаға кезек саны төмендеп, балаларды қамту артады.
Алқа отырысында балабақшаларда тамақтандыруды ұйымдастыру, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау және қаржы қаражатын пайдалану бойынша орын алған заң бұзушылықтар тілге тиек етілді. Мұндай бұзушылықтарды одан әрі болдырмау және мектепке дейінгі ұйымдарды тиімді басқару үшін ротациялар қажет. Бұл басшылардың басқарушылық құзыреттілігін және балабақшалардың тиімді жұмысын арттыруға мүмкіндік береді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *