Балаңызды бақылаңыз!

Жазғы демалыс уақыты да басталды. Бұл кезде барлық жауапкершілік  ата-аналардың мойнында екенін естен шығармауымыз керек.

Ересектер  балалардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын  басты назарда ұстауға тиіспіз. Қазірдің өзінде топталған балалар түнімен жүретін  болған. Осыған орай, Жетісу аудандық полиция басқармасы ықшамаудан аулаларына рейд жасап, қараусыз жүрген балаларды жауапқа ала бастады. Бір қызығы, ата-аналардың көпшілігі балаларының бейуақытта  сыртта жүргенінен бейхабар болып шыққан.

Қараусыз балалар  қоғамдық тыныштықты бұзғанмен ғана  шектелмей, басқа да тәртіп бұзушылыққа, оқыс жағдайға ұшырауы мүмкін.

Жақында ғана жас бала шатырдан құлап, орны толмас өкініш орын алды. Сондықтан ата-аналар, қала тұрғындары болып балаларға қорған болайық!

Рая ЕСКЕНДІР

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close