«Бала – бауыр етің»

«Бала – бауыр етің»
www.inform.kz

Жазасын өтеп, абақтыда отырған ер адам ауру баласына бүйрегін берген

ҚАЖ комитеті Медициналық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері Гүлжан Мұсабаева пенитенциарлық жүйенің тарихында бірінші рет болған бүйрек трансплантациясы туралы айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Polisa.kz сілтеме жасап.

Ол жұмыс барысында сотталғандар мен олардың туыстарының да көптеген өтінішін қарайды. Мәселен, 2018 жылдың сәуір айында Комитетке жазасын өтеп жатқандардың бірінің жұбайы шұғыл түрде бүйрек трансплантациясын қажет ететін төрт жасар ұлына донор керек екенін айтып, хат жазған.

Гүлжан Мұсабаеваның айтуынша, ол уақытта баланың туған әкесі Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты орташа қауіпсіз мекемеде жазасын өтеп жатты.

«Баланың мүшкіл хәлін ескеріп, біз дереу жазасын өтеп жатқан ер адамды тиісті сараптамалардан өткіздік. Бізге Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы көмектесті. Сотталушыны астанаға жеткізуге жазасын өтеп жатқан мекеменің және ҚАЖ комитеті қызметкерлері көмектесті. Әкесі баласына бүйрегін берді. Ота сәтті өтті. Сотталған ер адамды жазасын одан әрі өтеу үшін колонияға қайта әкелдік, – деді Мұсабаева.

Бір бүйрегін баласына берген ер адам жазасын өтеп, былтыр бостандыққа шықты.