"Ахаң жүрген жолмен" экспедициясы аяқталды

"Ахаң жүрген жолмен" экспедициясы аяқталды
Сурет: Qazaq1913.com

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған 5 маусымда басталған «Ахаң жүрген жолмен» экспедициясы мәреге жетті.

Мақсат – ұлт ұстазының табаны тиген жерлерді аралап, танымдық деректер жинау. Алдымен Қарқаралыда, Ақтерек ауылында өлкетанушы ғалымдармен, зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

1932-1933 жылдары Ахмет Байтұрсынұлы жер аударылған Ресейдің Архангельск қаласында болып тұрған үйін таспаға түсірді. 1926 жылы түркологтар жиыны өткен Әзірбайжан астанасы Бакуге де ат басын тіреп, құнды деректерге қанықты. Сапар соңында Алматы маңында Ахаң атылған Жаңалық ауылындағы қорымнан топырақ алып, кіндік қаны тамған өлкеге жеткізді.

"Мұнымен жұмыс бітпейді. 25-30 минуттық фильм дайындалады. Болашақта кітап жазу жоспарда бар. Өйткені Ахаңның өмірі мұнымен толық қамтылған жоқ. Ахаңның жүрген сапарын бәрін тізіп шықсақ деген ойымыз бар", - дейді экспедиция мүшесі Абылай Мауданов.