Қазақстан бойынша 4 вакцина түрі қолжетімді

Қазақстан бойынша 4 вакцина түрі қолжетімді
almaty-akshamy.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, қазір ел аумағында коронавирусқа қарсы вакцинаның 4 түрі қолжетімді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Олар - QazVac, Спутник V, Vero Cell және Pfizer екпелері. Тоғыз өңірде вакцинаның осы 4 түрі жеткілікті. Ал Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында вакцинаның екі түрі ғана бар.

Осыған орай Қазақстан қосымша 6 жарым млн доза вакцина сатып алмақ. Қазір халықты ревакциналау науқаны да қарқын алған. 20 қаңтардан бастап "Спутник Лайт" вакцинасы қолжетімді болады.