Бақытты отбасы, Шаңырақ: бағдарламаларынан бастапқы жарна алына ма?

Бақытты отбасы, Шаңырақ: бағдарламаларынан бастапқы жарна алына ма? Сурет: ашық дереккөз

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламаларынан бастап жарнаны алып тастау туралы сауалына жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламалары бойынша бастапқы жарнаны алып тастауға келсек, қарыз бойынша бастапқы жарна кепілді қарыздар мен соның салдарынан туындайтын тәуекелдерді сақтандыруға арналған. Бастапқы жарнаны алып тастау немесе азайту қарыз алушының ай сайынғы қаржылық жүктемесін көбейтеді», - деп жазады Үкімет басшысы.



Сондай-ақ, ол жергілікті әкімдіктер әлеуметтік тұрғыда осал топқа жататын отбасылардың ипотека жүктемесін азайту үшін тұрғын үй сертификаттарын беретінін еске салды., - деп жазды ҚазАқпарат. 



«Жергілікті атқарушы органдар халықтың әлеуметтік осал топтарына жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар бойынша бастапқы жарнаны төлеу бөлігінде бюджеттік кредит нысанында тұрғын үй сертификаттарын бөледі», - деп жазылған жауапта.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38