Бақытты елдер рейтингінде Қазақстан 40-орында тұр

Бақытты елдер рейтингінде  Қазақстан 40-орында тұр
Сурет: Sb.by

Ең бақытты ел – Финляндия.

World Happiness Report жариялаған әлемдегі ең бақытты елдердің рейтингінде Қазақстан 146 елдің ішінен 40-орын алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Еліміз соңғы екі жыл ішінде 50-орыннан 10 тармаққа көтерілген.  Ал Финляндия осымен бес жыл қатарынан әлемдегі ең бақытты ел ретінде танылды.

Алдыңғы бестікке Дания, Исландия, Швейцария және Нидерланды кірді. Одан кейінгі орындарда – Люксембург, Израиль, Швеция, Жаңа Зеландия және Норвегия елдері.

КСРО елдері бойынша Литва — 34, Эстония — 36, Латвия — 42, Өзбекстан — 53, Қырғызстан — 64, Беларусия — 65, Ресей — 80-ші орында.  

80-орынға дейін түсіп кеткен Ресей 2021 жылы ол 60-орынға табан тіреген еді. Тізімнің ең соңында Ауғанстан елі тұр.

Бұл рейтингті жасауда  өмір сүру ұзақтығы, әлеуметтік қолдау, сыбайлас жемқорлық және тағы басқа критерийлер ескеріледі.