Бақытгүл Хаменованың соты өтетін күн белгілі болды

Бақытгүл Хаменованың соты өтетін күн белгілі болды
Сурет: kzvesti.kz

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты тамыздың 3-і күні ашық өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Сот отырысы Атырау қаласының №2 сотында сағат 9.00-де басталады.

Еске сала кетейік, 26 мамырда Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға және Атырау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты іс Атырау қаласы №2 сотының өндірісіне түсті. Іс Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Пара алу) бойынша сотқа берілген.