Бақыт Сұлтанов, Сауда және интеграция министрі: Бірыңғай рубльдік аймақ туралы сөз жоқ. Күн тәртібінде мұндай мәселе де болған жоқ

Бақыт Сұлтанов, Сауда және интеграция министрі: Бірыңғай рубльдік аймақ туралы сөз жоқ. Күн тәртібінде мұндай мәселе де болған жоқ
ult.kz

Қазақстан, Армения, Қырғызстан арасындағы алым-салық бұрынғыдай АҚШ долларымен жүргізіледі

Әлеуметтік желілерде "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер өзара рубльмен есеп айырысады. Бұл туралы Ресейдің экономикалық даму министрі Максим Решетников айтты" деген ақпарат өріп жүр… Бұл мәліметті Қазақстандағы кейбір ақпараттық сайттар да жариялап үлгерді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz
Бұған қатысты ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов: "Бірыңғай рубльдік аймақ туралы сөз жоқ. Күн тәртібінде мұндай мәселе де болған жоқ. Орын алған қиындықтардан қалай шығудың механизмі төңірегінде әңгіме болды", - деп мәлімдеді LSnews басылымында.
"Ресей мен Беларусь елдеріне салынған санкцияларға қатысты кедендік одаққа мүше елдердің кедендік алым-салықтары өзара АҚШ долларымен жүзеге асуы мүмкін болмай қалды. Сол себепті келіссөзде Қазақстан ұсынған ұстаным қолдау тапты.
Яғни, импорттық кедендік баж Ресей мен Беларусь елдеріне рубльмен жүзеге асады. Алайда рубльдің бағамы әр елдің өз Ұлттық банктері шеңберінде реттеледі. Ал, Қазақстан, Армения, Қырғызстан арасындағы алым-салық бұрынғыдай АҚШ долларымен жүргізіледі".
Бұл - ҚР Үкіметінің ресми мәліметі.