БАКАД маңында бала табылды

БАКАД маңында бала табылды Сурет: ашық дереккөз

Алматыдағы БАКАД аймағынан нәресте табылды. Бала арбада болған. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz хабарлайды. 


Табылған баланың видеосын TikTok желісінде жариялаған автор сәбиді БАКАД-тың бесінші шақырымында жолықтырғанын айтады.   


"Кішкентай баланы далаға тастап кеттіпті. Жұмыстан үйге жаяу келе жатқанбыз. Жүргенімізге 40 минут, тіпті бір сағаттай болды. Сәби әлі жыламады, күлімсіреп жатыр. Құжат жоқ, ештеңе жоқ. Үш-төрт айлық болуы керек.
Ешкімге айтпай-ақ қояйық па? Анаң мен әкең қайда? Олар оны осы көпірдің астына қалдырып кеткен. Міне, БАКАД, міне, көпір. Соның астына қалдырып кеткен", - дейді видео авторы.

Алматы облысының полиция департаменті 15 мамыр күні сағат 10:08 шамасында кәмелетке толмаған баланың табылғаны туралы хабарлама түскенін хабарлады.


"Бұл ақпарат Қарасай аудандық полициясына тіркелді. Бұл фактіні тексеру барысында оқиға орнына дереу полиция жасағы жөнелтіліп, көп ұзамай баланың анасы анықталды. Анаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ата-аналармен түсіндірме сипаттағы профилактикалық әңгіме жүргізіліп, олар ҚР Қылмыстық кодексінің және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптарымен таныстырылды", - деп хабарлады полицейлер.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55