Бақытжан Сағынтаев қаза тапқан подполковник Хаировтың отбасына көңіл айтты

Бақытжан Сағынтаев қаза тапқан подполковник Хаировтың отбасына көңіл айтты
Сурет: Almaty-akshamy.kz

35-гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы командирінің орынбасары, подполковник Сәндібек Хаиров еліміздің конституциялық құрылымын қорғауда ерлікпен қаза тапты.

Алматыда қаланы қорғау кезінде бандиттердің қолынан қаза тапқан Қарулы Күштердің офицері Сәндібек Хаировпен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ол әскери қызметшілерді қала әкімдігінің шабуыл жасалған ғимаратынан шығарып үлгерді, бірақ өзі қорғана алмады.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Оның ерлігі әрқашан батылдық пен офицерлік абыройдың үлгісі, әскери борышын атқарудың үлгісі болады.

«Қаза тапқан әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін еске алу Республика алаңында орнатылатын мемориалда мәңгі сақталады. Бұл біздің елімізді террористерден қорғап, бейбітшілікті сақтап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткендерді еске алу үшін ұрпақтарға арналады», - деді Б.Сағынтаев.

Қала әкімі С. Хаировтың отбасына материалдық көмек көрсетілгенін, сондай-ақ пәтер бөлінетінін хабарлады. Марқұмның артында жұбайы мен екі баласы қалды.