Бағдат Мусин Алматы қаласының тұрғындарымен кездеседі

Бағдат Мусин Алматы қаласының тұрғындарымен кездеседі
Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 24 қарашада сағат 10.00-да Алматы қаласының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кездесу Алматы қаласы, Абай 90 даңығылы Q-Lab кеңістігі, «Ангар» конференц-залында өтеді. Облыс тұрғындары әр ауданда орнатылған бейнеконференц байланыс арқылы кездесуге қатыса алады. 

Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне сауал жолдауға шақырамыз.

Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, электрондық үкімет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.