Бағдат КИКЕНОВА, гуманитарлық ғылымдар магистрі: Халықтың көңілінен шықты

Бағдат КИКЕНОВА, гуманитарлық ғылымдар магистрі: Халықтың көңілінен шықты almaty-akshamy.kz

2022 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдаған болатын. Жолдау бес бағдарға бөлініп, әр сала бойынша атқарылар шаралар сараланып берілген. Жер, жол мәселесі, әйелдердің зейнеткерлік жасының төмендеуі, бала күтіміне арналған жәрдемақының ұзаруы, энергетика, тариф, ауылшаруашылығы саласы, кәсіпкерлікті қолдау! Яғни Президент қоғамның барлық саласын қамтыды.


Аталған Жолдаудың екінші бағдарында 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайы­зын жақсарту жөнінде тапсырма берді.


Президенттің ел даму үшін жасалатын қадамдар­ды нақты айтуы жұртшылықтың көңілінен шықты деп ойлаймын. Бір сөзбен айтқанда, Жолдау өзіндік нақтылығымен, ұғынықтылығымен ерекшеленді. Біз осы Жолдау міндеттері орындалып, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру, денсаулық сақтау сферасын дамыту, инфрақұрылымды дамыту, елдегі төменгі жалақы мәселесін шешу сынды тегеурінді басым­дықтар жүзеге асқан жағдайда елдің тұрмысы тү­зеліп, жағдайымыздың жақсаратынына сенеміз.



Мемлекет басшысы Президет пен Мәжіліс сай­лауын мерзімінен бұрын өткізуді ұсынды. Сондай-ақ, Президент 1 мерзімге қайта сайлау құқығынсыз, 7 жыл мерзімге сайланатын нұсқа ұсынып, оны Пар­ламент қарауына жолдады. Өз кезегінде бұл сайлау­дың маңызы өте зор деп санаймын, әрі стратегиялық та, саяси да зор маңызға ие деп білемін. Себебі, пар­тия туралы заңға өзгерістер енген соң, саяси әділетті топтардың ел мүддесі үшін атқарар істері де оңайлай түскені рас. «Әділетті Қазақстан» құру әділетті сай­лау өткізуден бастау алатынына халықтың да сенімі мол.



Осы ретте қоғамдық өмірдің барлық салаларын цифрландыру мен автоматтандыру салықтан түскен табыстың ашық әрі адал түрде іске асуын қамтамасыз ететіні анық. Сонымен бірге, алдыңғы қатарлы озық инновациялық технологиялар жалпы кәсіпорындар­дың бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, ел тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін де қажет. Бұл бірінші кезекте цифрлы өркениет зама­нында адам капиталының дамуымен тығыз байла­нысты. Шын мәнінде бүгінгі күні ғаламторға қол­жетімділіктің өсуі саяси ақпарат ағынын арттырып, азаматтардың білім мен жаңа заман талабына сай кәсіби шеберліктерді жаппай игеруіне жол ашты.



Қазіргі уақытта еліміздің барлық ЖОО, жұмыс орындары қала берді білім ордаларының барлығы дерлік цифрлы сауаттылыққа ие бола бастады. Осы ретте ғаламтар ғажайыптарының арқасында жаста­рымыз білімді, саналы басқа шетелдің азаматтары­мен терезесі тең болып келе жатқаны жасырын емес. Бұл мемлекетіміздің халыққа жасаған үлкен қамқор­лығы десек, артық айтпағанымыз.



Қазір қарап отырсақ, өскелең ұрпақ гаджеттер мен компьютердің ең соңғы нұсқаларарын шебер меңгерген. Соның арқасында еліміз дамыған мемле­кеттердің қатарында көрініп келе жатқанын аңғаруға болады.



Президентіміз әлемдік геосаяси және экономика­лық ахуалдарға мән бере отырып, тың шешімдер мен тапсырмалар берді. Елдегі экономиканы, бизнесті жүйелеуді, жер қойнауы мен су ресурстарын дұрыс пайдаланудың басқа да модельдерін құрастыруды тапсырды. Алдағы уақытта еліміз экономикасы қар­қынды дамыған, коммуникацияланған мемлекетке айналатынына сеніміміз мол.



Келешек ұрпаққа инвестициялауды, мемлекеттік қызметтің жұмысын күшейтуді, кенжелеп тұрған тұстарын қайта жаңғырту мен жасақтауды қолға алып, озық технологиялармен тоғысып, еліміз өрке­ниетті, жастарымыз жалынды болады деген сенім­демін.


Алдағы сайлауда баршаңызды белсенді болуға, ел ертеңі үшін атсалысуға шақырамын. Осы Жолдау халықтың көңілінен шықты деп айта аламын. Ендігі кезекте бізге ауызбіршілік маңызды. Бейбіт елімізді құруда баршаңызды бір болып, ел игілігі жолында жұмыс жасауға шақырамын. Жолдау болашағымыз­дың іргесін нықтауға міндеттейді. Ендеше, қуатты Әділетті Қазақстанды бірге құрайық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42