Баға мәселесі ерекше бақылауда

Баға мәселесі  ерекше бақылауда
kaspyinfo.ru

Наурызда бағаны тұрақтандыру бағдарламасы бойынша Алматыда алғашқы азық-түлік өнімдерін жеткізу басталады

Тұрғынның сұрағы:
- Бағаның өсуі мәселесіне түсініктеме беруіңізді сұраймын. Бұл бағытта не істелуде? Оларды болдырмау үшін қандай шаралар қабылдануда? 

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың жауабы:
- Бағаның өсуі - қала әкімдігі үшін маңызды мәселе және басты міндет. Біз өткен жылдың күзінде негізгі өнімдерге тосқауыл қою және тұрақтандыру жұмыстарын бастадық. Маусымнан тыс уақытта арнайы шарттар жасалды. Алматы бағаны тұрақтандыруға ең көп қаражат бөлді - 15 млрд теңге. Көктемде наурыз айының ортасынан бастап біз алғашқы өнімдерді аламыз. Біз бағасы шұғыл көтерілетін позициялар бойынша бағаларды тұрақтандырамыз деп үміттенеміз. 
Сонымен қатар, Алматыда монополиялық "Алтын Ордадан" басқа көтерме жеткізушілер пайда болды (бүгінде қалаға көкөністердің, жемістер мен еттің 75%-ы "Алтын Орда" арқылы жеткізіледі).  "Магнум" желісі жеткізушілермен тікелей жұмыс істей бастады, соның арқасында бағалар төмендеді. Қалған сауда желілері басқа жолдарды табады деп үміттенемін. 
Біз Ақсу қант зауытымен 2,6 млрд теңгеге шарт жасадық. Жазда қант бағасы көтерілмейді деп үміттенемін.  Өзіңіз білесіз, нанның бағасы көтерілген жоқ өйткені  біз оны субсидиялаймыз - жергілікті бюджеттен қосымша ақша бөлдік.
Өкінішке орай, азық-түлік емес тауарлардың бағасы да өсуде - бұл факт. Жалпы геосаяси жағдайға байланысты көлік логистикасы бұзылды, бірақ бірте-бірте біздің компаниялар  түрлі жолдарды іздейді, жаңа жеткізушілер пайда болады. 
Қала баға мәселесін ерекше бақылауда ұстайды. Тікелей Наурызбай ауданына келетін болсақ, көтерме сауда деңгейі нашар дамыған, дүкендер аз, бәсекелестік жоқ. Бұл мәселемен аудан әкімдігімен де жұмыс істейміз, аудан тұрғындарын сапалы саудамен қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлерді тартамыз.