Бәрі өз қолыңызда!

Бәрі өз қолыңызда!
Яндекс.Дзен

Бәрі өз қолыңызда! Әрбір адам өзін-өзі қалыптастырады. Тұлға ретінде де, жай қарапайым адам бола ма, ол өзіне байланысты.

Жастайынан еңбекқор, талабы мықты болса, қамал алары анық. Халқымыз «жас күніңде жарқылда, отызыңда орда бұз, қырқыңда қамал ал» дейді. Мұның түпкі мағынасы біреу ғана – «мақсатты жан бол» дегенді білдіреді. Бұған жету үшін бірқатар қағидаттарға зер салған жөн.

Сырт келбетті түзеу. Ел арасында «киіміңе қарап қарсы алып, сөзіңе қарап шығарып салады» дейді. Өте астарлы сөз. Түсіне білген жан бұдан нәтиже шығаруға тырысады. Киім – адамның көркі. Сондықтан мейлінше таза, өзіңізге жарасымды киініңіз. Тым кең немесе тым тар болмасын. Бастысы, ыңғайлы әрі жүріп-тұрғанда қолайлы болса, жарасым деген сол. Бірақ әркімнің таңдауы әртүрлі. Талғамға талас жоқтығын тағы айта кетуді жөн санаймыз.

Сөз бен іс қабыссын. Әлгінде сөздің құдіреті туралы аз-кем ой тастадық. Бұрынғылар «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады» деген нақыл қалдырған. Қай дәуірде болса да, айтылар ойдың орны бөлек. Сондықтан құр сөз емес кез келген ортада іспен дәлелдеу беделді арттырады. Неғұрлым сапалы әрі нық етіп орындаңыз. Сонымен қатар, ойды ашық һәм дәлелді етіп жеткізіңіз. Бұл туралы Конфуций, Лаоцзы еңбектерінде және Хабуснама кітаптарында егжей-тегжейіне дейін тәптіштеп жазылған. Осы қарапайым критерийлерді ескерсеңіз, әр нәрсе сәтімен жүзеге аспақ.

Қорыту. Пайымды топтағанда шығатын ой біреу: ол – жинақылық. Антон Чехов «Адамның киімі де, сөзі де, жаны да сұлу болуы керек» депті.