«Бабалар ізімен» экспедициясы ел өңірлерін аралауда

«Бабалар ізімен» экспедициясы ел өңірлерін аралауда
Сурет: Qazaqtv.com

Жиһанкез!

«Бабалар ізімен» экспедициясының топ мүшелері Баянауыл ауданындағы Ескелді елді мекеніне жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com-ға сілтеме жасап.

Жиһанкез Сапар Ысқақов бастаған ғалымдар мен жиһанкездер ұлы ойшыл әрі әулиелік қасиетімен дараланған Мәшһүр Жүсіп кесенесіне барды.

«Бұл Қазақстандағы қасиетті жерлердің бірі деп есептеймін. Кезінде ол кісіні қазақтың ақындары мен оқымыстылары пайғамбарға теңеген. Ол жайдан жай емес. Мәшһүр Жүсіп күллі қазақтың ұмытылып кете жаздаған фольклорын жинап, қағазға түсіріп, бізге жеткізді. Ол кісінің еңбегін өте зор деп айтуға болады», - деді «Бабалар ізімен» экспедициясының жетекшісі Сапар Ысқақов.