Бақытжан Сағынтаев «Буревестникті» жеңісімен құттықтады

Команда Азияның клубтық чемпионатында Қазақстанның намысын қорғау құқығына ие болды

Бақытжан Сағынтаев «Буревестник» волейбол командасын Қазақстан чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Буревестник» волейбол командасын Қазақстан чемпионатындағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Волейболдан плей-офф кезеңінде 29 ел біріншілігін жеңіп, екі дүркін чемпион атанған «Буревестник» командасы мен жаттықтырушылар құрамын құттықтаймын. Команда Азияның клубтық чемпионатында Қазақстанның намысын қорғау құқығына ие болды. Біз мақтанамыз және жаңа жеңістер күтеміз!» – деп жазады әкім.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *