Бақыт ЖАҒЫПАРҰЛЫ, айтыстың бірнеше дүркін жеңімпазы, журналист: Тәуелсіздік - ата-баба аманаты

Бақыт ЖАҒЫПАРҰЛЫ, айтыстың бірнеше дүркін жеңімпазы, журналист: Тәуелсіздік - ата-баба аманаты

Қадірлейік!

Өздеріңіз білетіндей, талай соқпақты жолдардан өттік. Аштықты пен тоқтықты да көрген халықпыз. Заманның дауылының арасында қалмадық. Осы мамыражай, шуақты күндерге жеттік. Тағдырдың бұралаңына батпай, аман-есен келе жатырмыз. Жаратқанға мың тәубе! Бағында құстары сайраған бейбіт елде ғұмыр кешкенге не жетсін! Ең негізгісі, осы тыныштығымызды сақтау керек. «Үй өзімдікі деме, үй сыртында кісі бар» депті бұрынғылар. Текке айтылмаса керек-ті. Егемендігіміз мәңгі болсын!