Бақытжан Сағынтаев Құрбан айтпен құттықтады

Бақытжан Сағынтаев Құрбан айтпен құттықтады
Сурет: Еgemen.k

Бүгін барша мұсылман жұртшылығының ең ізгі мерекесі - Құрбан айт басталды.

Мегаполис басшысы бүгінгі ұлық мерекеде қала тұрғындарына құттықтау арнады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Құттықтау Алматы қаласы әкімінің фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланды.

«Құрметті алматылықтар! Күллі мұсылман қауымының ең ұлық мерекесі - Құрбан айтпен құттықтаймын!  Бұл мереке жақсылыққа жол сілтеп, мұқтажға қайырымдылық, жақыныңа қамқорлық танытуға үндейді. Бұл күні шаңырағыңыз қуаныш пен берекеге толсын!» - деп жазылған қала әкімінің құттықтауында.