Б. Шин: Астананың алғашқы құрылысшыларының қатарында болғанымды мақтан тұтамын 

Б. Шин: Астананың алғашқы құрылысшыларының қатарында болғанымды мақтан тұтамын 
almaty-akshamy.kz

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, "Алматыинжстрой" АҚ бас директоры Бронислав Шин Нұр-Сұлтан қаласын мерекесімен құттықтады. 

Б. Шин 90-шы жылдардың соңында Қазақстан астанасын қалай салғандары туралы айтып берді. 

"Шынында, бүгін керемет мереке. Мен Астанаға 1998 жылы алғаш келгендердің қатарында болғанымды мақтан тұтамын. Қазақстанның көк Туы желбіреген жер. Бұл астана жарияланғаннан кейінгі алғашқы нысан. Келесі жылы ақпаннан маусымға дейінгі аралықта жағалауды салдық. Алматылық құрылысшылардың еңбегі лайықты бағаланды. Мені Отанымыздың астанасын қалыптастыруға қосқан үлесім үшін Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаев алғашқылардың бірі болып марапаттады", –  деді "Алматыинжстрой"-дың бас директоры.