Б. Сағынтаев Түрксіб ауданындағы әлеуметтік инфрақұрылымның даму қарқынымен танысты

Гофрокартон дайындайтын «Интер мульти сервис» фабрикасы іске қосылмақ

Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев Түрксіб ауданындағы әлеуметтік инфрақұрылымның даму қарқынымен танысты, деп хабарлайды almaty-aishamy.iz.

Бұл туралы әкім өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Сейфуллин даңғылы, 50 мекенжайында жеке инвестицияға 590 орынға арналған мектеп салынуда. Оған қоса №170 қалалық мектептің жанынан 300 орынды жаңа корпустың құрылысы аяқталуға жақын. Оқушы орнының тапшылығы айтарлықтай төмендейді. Десе де халық санының өсуін ескеріп, жаңа оқу орындарын құру жобаларын әзірлейміз»,– деді әкім.

Б. Сағынтаев бизнес саласының өкілдері спорттық инфрақұрылымды дамытуға атсалысып жатқанын да атап өтті.  

«Жұлдыз-1» ықшамауданында жекпе-жек пен спорт гимнастикасы залы, 25 метрлік бассейні бар көп салалы спорт кешені бой көтеруде. Мұндай шағын кешенді шалғай жатқан ықшамаудандарда салу қажеттігіне назар аудардым.

Гофрокартон дайындайтын «Интер мульти сервис» фабрикасы жаңа өндірістік желіні іске қосуға дайындалуда. Фабрика жаңадан 120 жұмыс орнын құруды көздейді», – деп жазды Б. Сағынтаев.