Б. Сағынтаев MOST IT hub Almaty бизнес-инкубаторы мен акселераторының құрылыс барысымен танысты

Б. Сағынтаев MOST IT hub Almaty бизнес-инкубаторы мен акселераторының құрылыс барысымен танысты
Almaty-akshamy.kz

Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бизнес-инкубатор орналасатын ғимараттағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Жалпы ауданы 3 мың шаршы метр болатын Ходжанов көшесі, 2/2 ғимаратында кәсіпкерлерге арналған үй-жай дайындалуда. 430 жұмыс орнын құру жоспарлануда», - деп жазды Б. Сағынтаев өзінің Instagram аккаунтында.

MOST IT Hub Almaty кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен инвесторлардың мүдделерін біріктіріп, бизнес-идеяларды іске асырудың заманауи алаңына айналмақ.

Стартаперлер үшін идеядан венчурлік инвестицияларға дейінгі жобаларды әзірлеуге мүмкіндік беретін қолайлы экожүйе құрылады.