Б. Сағынтаев: Коронавирустың «дельта» штамына вакциналанудан өзге таңдау жоқ

Б. Сағынтаев: Коронавирустың «дельта» штамына вакциналанудан өзге таңдау жоқ
almaty-akshamy.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде күрделі эпидемиологиялық ахуал туралы айтты және алматылықтарды денсаулықтарын сақтау үшін вакциналануға шақырды.


Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал ағымдағы жылдың 18 маусымында СЭБД мамандары тіркеген «дельта» штамының таралуына байланысты күрделене түсуде 

Осыған орай КВИ-дің мутацияланған штаммдарын зерттеу жалғасуда. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі зерттеулер нәтижесінде КВИ науқастарынан алынған 88 сынаманың нұсқалары анықталды, 67 сынамада «дельта» (76%), 14-інде (16%) «альфа» (британдық), 2-еуінде неден пайда болғаны белгісіз, 3 нәтиже теріс (3,4%), 1-еуінде (1,1%) COVID-19 (уханьдық). Ағымдағы жылдың 3 шілдесінен бастап жүргізілген зерттеулер КВИ науқастарынан алынған 45 сынаманың нұсқалары мынаны көрсетті, 35-інде «дельта»(78%), 6-нда (13%) «альфа» (британдық) және тек 1-еуінде (2,2%) COVID -19 (уханьдық) штамдар анықталды.

Бұдан өзге, мамандар КВИ-дің симптомды науқастарының үлес салмағының арта түскенін айтуда. Соңғы 7 күнде, алдыңғы 7 күнмен салыстырғанда, 1,5 есеге өсуде. «Дельта» нұсқасының айналымы 46%-дан 73%-ға дейін жылдам, бұл КВИ-дің ауыр клиникалық көріністеріне апарады.

Соңғы 2 аптадағы жас құрылымын талдау балалар мен жастарға «дельта» штамының тез жұғатынын көрсетті. Мәселен, 1 жасқа дейінгі науқас балалардың үлесі салмағы 0,7% - 2,8% дейін өсті; 14 жасқа дейінгі балалар 0,4% - 15,0% дейін; 15 - 19 жас аралығындағы жасөспірімдер - 0,8% - 5,2% дейін және 40 - 59 жастағы азаматтар - 1,5% - 24,7%. 

Сондықтан қала тұрғындары балалар мен жасөспірімдердің жағдайына ерекше назар аударып, олардың адамдар көп шоғырланған жерлерге баруын шектеулері тиіс. Орта жастағы адамдар санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтауды күшейткендері жөн.

Жұмыспен қамту бойынша соңғы 14 күнде КВИ ауруы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында - 35%, әртүрлі ЖШС, АҚ жұмысшылары, жеке кәсіпкерлер - 19%, зейнеткерлер - 17,4%, сондай-ақ мектеп оқушылары арасында - 10,3% басым және мектеп жасына дейінгі балалар - 7%, бұл жалпы жағдайлардың 89% құрайды.