Бәлеқордың айласы

Қалада көліктің алдына жүгіріп шығып, өзін жәбірленуші ретінде көрсететін алаяқтар көбейіп барады.

Мақсат – табыс табу. Ал олардың қармағына түскендер қомақты қаражаттан қағылады. Жуырда көршіміз кешкі уақытта біреудің жолға қарай жүгіріп келе жатқанын байқап қалып, көлігін бірден тоқтатқанын айтты. Түсіп қараса, алдында біреу домалап жатыр екен. «Қағып кеттім» дейін десе, көлік пен адамның арақашықтығы бірталай. Оны көріп, өзге көліктер де тоқтапты. Әлгі кісі орнынан тұрар-тұрмастан «мені қағып кеттіңіз» деп оған жабыса кетеді. Сол сәтте жанында тұрған кісінің есіне көлігіндегі бейнебақылау камерасы түсіпті. Бәрі қатар келе жатқандықтан, бейнекамерадағы көрініс айқын және онда әлгі жалақордың жолға жүгіріп шыққаны анық жазылыпты. Жұрттың бәрі жазбаны тексеріп жатқанда әлгі адам қашып үлгереді. Сонда мұны «бәлеқорлықпен табыс табуға тырысу» демей не дейміз?

Дайындаған Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *