Бұл қай театр? Немесе күндiз сауда жасап, түнде қойылым көрсететiн мәдениет үйi

Жандос БАЙДIЛДА

Жақында Красноярскiде жергiлiктi опера және балет театрының әлдебiр қызметкерi бастама көтерiп, халық арасында ең үздiк ғашықтық хат байқауын жариялады. Байқау шарты бойынша, әрбiр адам ғашықтық хатын жолдамас бұрын театрда премьерасы болғалы жатқан қойылымға билет алуы шарт, сондай-ақ, байқауға арнап жазған жүрекжарды хатыңды билетiңмен бiрге ұйымдастырушыларға өткiзуiң тиiс екен. Әрине, мұны игi бастама дегеннен гөрi, театр көрермендерiнен қол үзiп қалмас үшiнұйым дастырған қулық десек, артық айтпағандық болар едi. Бүгiнде театр жамағатының азаюы тек орыстардың ғана емес, қазақ мәдени ошақтарының да басына түскен нәубет. Қаладағы М.Әуезов , Ғ.Мүсiрепов , Лермонтоватын дағы iргелi театрларда адамаяғы үзiлмейдi дегенмен, қаладағы жекелеген ұлттық мәдениет үйлерiне барушылар қатары тым сирек. Алматыда 53 жоғары оқу орны, 11 музыкалық бiлiм беру мекемесi, 33 кiтапхана, 14 мұражай, 15 көрмелер мен көркемсурет галереясы, 5 саябақ, 9 театр және 8 концерттiк мекеме бар деп мақтанып айтуға болады. Бұл –үлкен байлықө Сондықтан, мұның барлығы халықтың рухани тоятын қандыратын қала құндылықтары. Бiрақ, осы мекемелердiң барлығы халыққа айтарлықтай дәрежеде қызмет етiп отыр ма, мәселе сонда. Алматыда Төле би мен Гоголь көшелерiнiң арасында орын тепкен Әуезов көшесiнiң бойындағы республикалық немiс драма театрының қазiргi халi бiздi қатты алаңдатты. Маңдайына «Театр», «Мәдениет үйi» деген айдар таққан ғимараттың алдында жалбыраған жарнамалар мен билбордтар театрға емес, сауда үйiне келгендей әсерде қалдырады. Мұнда шетелдiк «Sumsung» компаниясының қызмет көрсету орны, нотариус секiлдi ресми орындар мәдениет үйiнiң еңсесiн түсiрiп, атын көлегейлеп тұр. Ғимарат аурасында мәдениеттен гөрi ақшаның иiсi мұрынға бiрiншi сезiледi. Мәдениеттiң жекешеленуi, мәдениеттiң пайда көзiне айналуы осы болар бәлкiм?ө Осы сорақылықты байқаған соң Алмалы ауданының мәдениет бөлiмiнiң меңгерушiсi Ләззат Тынышбайқызына хабарластық. Театрдың қазiргi халiн айтып, мән-жайды түсiндiрдiк. «Республикалық немiс драма театры ең алғаш 1980 жылы 25желтоқсанда Темiртау қаласында құрылған. Ал, 1989 жылы театр барлық ұжымымен бiрге Алматыға ауысып келедi. Алайда, осы аралықта Қазақстандағы немiс диаспорасы бұқаралық түрде елiне қоныс аудара бастайды. Соның нәтижесiнде, театр бiрнеше белдi әртiстерiнен айрылып, өз көрермендерiн жоғалтып алған. Театр ғимаратының жеке адамдардың қолына өтiп кетуi де сондықтан деп ойлаймын. Аталмыш театр 1993 жылы қайта құрамын жасақтап, тәжiрибе жинақтаумен келедi. Әлемнiң озық туындыларын талай рет көрермен назарына орыс және немiс тiлдерiнде ұсынған кездерi болды. Қазiр бұл мәдениет үйiнде қуыршақ театры өз қойылымдарын ұсынып жүр. Бiрақ, түнде», – деп түсiндiрдi Ләззат Тынышбайқызы. Ендiгi ретте, осындай мәдениет ошақтарының бiрi сауда орталығына, бiрi түнгi клубқа айналып кеткендiгiн көрiп қамыққанда, өткен жылы Елбасының жекелеген кәсiпкерлердiң қолына өтiп кеткен мәдениет үйлерi мемлекеттiң меншiгiне қайтарылсын деп Жолдауында айтқан сөзi ерiксiз ойға келедi. Ол күнге де жетермiз әлi…

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close