Бір тәулікте 10 340 алматылық вакцина салдырды

Бір тәулікте 10 340 алматылық вакцина салдырды Сурет: Vlast.kz

Ал қала бойынша 302 257 адам вакцинаның толық дозасын алып болған.


Бұл туралы баяндаған қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, қала бойынша вакцинаның қалдығы – бірінші компоненттің 44 340 дозасы және екінші компоненттің 105 054 дозасы бар.



«30 маусым күні 10 340 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 30 маусым аралығында қалада вакцинаның толық дозасын 302 257 адам алды. Вакцина алғандардың ішінде 60 жастан асқан қарт кісілердің саны - 78 257»,- деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.



Қалада 208 вакцина пункті жұмыс істеп тұр. Құрамына 1 256 адам жұмылдырылған 307 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.


«Қазіргі таңда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп ақпарат таратты денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26