Ақтөбеде коменданттық сағаттың уақыты өзгерді

Ақтөбеде коменданттық сағаттың уақыты өзгерді
Cурет: Ашық дереккөз

Облыс аумағына 9 блокпост қойылды

Ақтөбеде коменданттық сағаттың уақыты 23-00-ден таңғы 7-00-ге дейін ұзартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыс аумағына 9 блокпост қойылды. Оның үшеуі Ақтөбе қаласына кіріп-шығу жолдарында, өзгесі аудандарға қойылды. 

Блокпостарда полиция мен қорғаныс қызметкерлері жұмыс істеп тұр. Кіріп-шығып жатқан жолаушылардан тыйым салынған заттардың бар-жоғы тексерілуде. Ал блокпостарда тыныштықты сақтап тұрған әскерилерге жергілікті атқарушы органдар ыстық тамақ жеткізуде.