Бурабай көлінде бес адам құтқарылды

Бурабай көлінде бес адам құтқарылды
Сурет:Gov.kz.

Ақмола облысының құтқарушылары Бурабай көлінде бес адамды құтқарды

 Бүгін Бурабай ауданындағы Бурабай көлінде ТЖД құтқарушылары бес адамды құтқарып, жағаға жеткізді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігініің сайтына сілтеме жасап. Олар шағын яхтамен жағадан алыс жүзіп кетіп, аударылып қалған. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. ТЖМ дауылды ескерту жарияланған кезде көлде серуендеуге және шомылуға болмайтынын ескертеді. Себебі су толқыны сіздің жүзу құралыңызды аударып тастауы мүмкін. Сақтық шараларын сақтауларыңызды сұраймыз.