Ақкөңіл аға !!!

Ақкөңіл аға !!!
Сурет: Аnatili.kazgazeta.kz

Жақсы адам!

Аман аға ақкөңіл адамға жанашыр асыл тұлғалардың бірі. Ғасырында бір туар арда азамат. Нағыз қазақты адамға жанашыр жан. Әсіресе, жастарға қамқорлығында шек жоқ. Көптен бері жақсы адам туралы жазғым келіп жүр еді. Бүгінгі мақаламды Аманхан Әлімұлына арнаймын.

Алматыға алғаш келген кезім. Бір шаруалармен Желтоқсан 175 ғимаратқа бардым. Бір шетінде телеарналар, ендігісінде радио жағы орналасыпты. Көне тартқан ғимарат болсада, біршама тарихтың сырларын аңғартуда. Сөйтіп, осы ғимараттың төртінші қабатындағы «Қазақ газеттері» редакциясына бас сұқтым. Қабылдауда отырғанмын. Өз кезегімді күтіп. Сол кезде, үстінде қара пальтосы, басында қара шапкасы, көзінде үлкендеу көз әйнек киген үлкен кісі кіріп келді. Біраз ентіккен екен. Осылайша, мен отырған диванға жайғасты.  Ақжарқын жүзді кісі болатын. Жас кезінде төртінші қабатқа жылдам көтеріліп, жүгіріп түсе беретінін айтып әзілдеп қояды. Бәлкім, біздердің жас келбетімізге қарата айтқанын осы күні түсінудемін. Ары қарай таныстық жалғасты.

Ағамыз ол кездері «Ақиқат» журналының бас редакторы еді. Мені әрдайым қолдап, жазуға үйрете бастады. Әрқашан, ұлттық мүдде, ұлттық болмыс пен қастерлі қазақы дүниетанымға жақын болу керектігін айтатын. Кабинетіне бара қалсаңыз,  еш қылысмай, еш ыңғайсызданбай кіретінбіз. Үнемі жылы жүзімен, ақжарқын көңілімен қарсы алатын. Ол кісінің қолдауымен қаламақыға жазып жүрдік. Мақаланы, қарап, түзетуден ерінбейді. Өзі қарайды, тексереді. Шебер жаза білудің жолдарын үйрететін. Нағыз педагог деп айтсақ артық айтпаған болар едік. Әр барған сайын, жасында көрген қиыншылығын айтып, бұл күндерде өтетінін мотивация ретінде айтатын. Шіркін сондай жақсы адам болатын. Маған үнемі «Олжас мына дүниені жақсы адамдар ұстап тұрады. Мен сол жақсы адамдардың жақсылығын көп көрдім» дейтін.

Бірде журналға дайындаған материалымның суреті болмай қалыпты. Ағаның өзі хабарласып, неге өз мақалаңның соңынан іздейтінімді айтып, біраз телефоннан айтыңқырады. Сөйтіп суретті жібердім. Көп өтпей журналға шығыпты. Өзімде редакцияға барып қалдым. Сондағы менің Аманхан ағаға риза болғанымда шек жоқ. Мен қанша жаспын. Тәжірбием де жоқ. Бүткіл алты Алашқа аты шыққан, ақын аға менің алдымда өткендегі айтқаны уайымдаушылық, маған жан ашу екендігін білдірді.  Жақсы адам. Сондай ризамын Аманхан аға сізге!

Әрбір айтқан өсиеті, болашаққа  байланысты игі ойлары мәңгі жадымызда тұрады демекпін.