АҚШ жаңа штамнан қорғанудың жолдарын қарастырмақ

АҚШ жаңа штамнан қорғанудың жолдарын қарастырмақ
Сурет: News.myseldon.com

Сақтық шараларын жасауда

"Омикрон" америкалықтарға да алаң туғызды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жаңа штамм АҚШ-қа жетпегенмен, оның жолын бөгеу мүмкін емес дейді ғалымдар. Ауруларды бақылау және алдын алу ортылығы халықты жаппай екпе салдыруға шақырды.

Ал Джо Байден америкалықтардың алаңдауына негіз жоқ деп жайбарақат.

Оның айтуынша, жаңа штам АҚШ-та табылған күннің өзінде, эпиджағдайдың ушығып кетпеуі үшін қажетті сақтық жұмыстары жүргізілген.

Ал мамандар "омикронның" қаншалықты қауіпті екендігі тек бірнеше аптадан кейін ғана белгілі болады дейді.