АҚШ вакцина алғандарды елге кіргізуге рұқсат берді

АҚШ вакцина алғандарды елге кіргізуге рұқсат берді
Cурет: Inform.kz

Жаңа ереже 8 қарашадан бастап күшіне енеді

АҚШ билігі 8 қарашадан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған препараттармен толық вакциналанған барлық шетелдіктерге елге кіруге рұқсат беретін болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.


ВВС ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚШ билігі коронавирусқа қарсы екпені салдыртқан барлық шетелдіктерге елге кіруге рұқсат береді. Жаңа ереже 8 қарашадан бастап күшіне енеді.


Осылайша, Вашингтон тарихта Covid-19 эпидемиясы басталғанда енгізілген ең көлемді шектеулерді алып тастайды.
2020 жылдың қаңтарында Қытайдан Америкаға өтпек болған келушілер үшін шекара жабылып, кейін әлемнің басқа елдері де осындай тыйым салған болатын.