АҚШ-тың Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілімен кездесу

АҚШ-тың Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілімен кездесу
Сурет:Gov.kz

Кездесу барысында тараптар Ауғанстандағы ағымдағы жағдайды және ауғанаралық диалогты жолға қою процесін талқылады.

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ-тың Ауғанстанды бітістіру жөніндегі арнайы өкілі Залил Халилзадты қабылдады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. ҚР Сыртқы істер министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Ауғанстанды дамытуға, оның ішінде Орталық Азия мен Америка Құрама Штаттары арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі тетігіне айналған С5+1 форматы шеңберінде жәрдемдесу бойынша күш-жігерін салуды жалғастырады», - деп мәлімдеді кездесуде Мұхтар Тілеуберді.

Тараптар ауған бағытындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.