АҚШ-тағы 11 қыркүйек оқиғасына 20 жыл толды

АҚШ-тағы 11 қыркүйек оқиғасына 20 жыл толды
Cурет: Qazaqstan.tv

Лаңкестік әрекет салдарынан 3 мыңнан астам адам қаза тапты. 

АҚШ- тағы «Егіз» мұнараларды қиратқан 11 қыркүйек оқиғасына биыл 20 жыл толды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йорктегі мұнарасы көк тіреген Дүниежүзілік сауда орталығында екі ұшақ жарылып, ғимарат жермен жексен болды. Терроршылардың басқаруындағы үшінші ұшақ Пентагон ғимаратына, төртіншісі  Пенсильвания штатының аумағына құлады.
Лаңкестік әрекет салдарынан 3 мыңнан астам адам қаза тауып, 6 мыңға жуығы жараланған. 24 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Өрт сөндірушілер мен полицейлердің күшімен апаттан 30 мыңға жуық адам құтқарылған.
Айта кетейік, 2006 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йоркте терракт құрбандарына арналған монумент ашылды. Ресей мүсіншісі Зураба Церетелидің бұл туындысы - ресейліктердің Америка халқына арнаған терракт құрбандарын еске алу белгісі.  Ескерткіштің биіктігі - 30 метр, салмағы 170 тоннадан астам.