АҚШ-та әуе рейстері кейінге шегерілуде

АҚШ-та әуе рейстері кейінге шегерілуде
Сурет: Тopre.ru

Ұшақтардың ұшуының кейінге қалдырылуына әртүрлі себептері бар

Американдық «Саутуест Эйрлайнс» ( Southwest Airlines) 2 мыңға жуық рейсті кейінге шегерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Аталған жағдайға байланысты әуежай терминалдарында ұзын-сонар кезек пайда болды. Барлығы 1 мыңнан астам ұшақ қаңтарылған. Бұл - алдын ала белгіленген ұшу кестесінің 27 проценті.

Әуе компаниясы бұл шешімін қолайсыз ауа райына орай ұшақтар қозғалысын басқаруда туындаған қиындықтармен байланыстырды.

Дегенмен, кейбір ақпарат құралдары рейстерді тоқтатуға әуе компаниясында мамандардың жетіспеушілігінен болуы мүмкін деп жазды.

Бұның алдында «Саутуест Эйрлайнс» (( Southwest Airlines)) ұшқыштары вакциналауды міндеттеуге сот шешімімен тыйым салуды өтінген болатын.