АҚШ-та Семей полигонының жабылуына арналған фотокөрме өтті

АҚШ-та Семей полигонының жабылуына арналған фотокөрме өтті
Сурет: Мartebe.kz

Семей полигонының жабылуын шет ел де ескеруде

Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтонда Семей ядролық полигонының жабылуына арналған арнайы фотокөрме өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  Хабар 24 сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның Вашингтондағы елшілігінде ұйымдастырылған шараға ҚР Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыханов бастаған бір топ делегация қатысты. Келген қонақтардың арасында шетелдік дипломаттар, АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің жоғары лауазымды өкілдері, адам құқықтарын қорғау ұйымдары мен зерттеу орталықтарының жетекшілері, сонымен қатар халықаралық ірі компаниялардың басшылары да қатысты.

Джонатан Хеник, АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орта Азия істері бойынша көмекшісінің орынбасары: 

«Семей полигонының жабылуының 30 жылдығын атап өту өте маңызды шара деп ойлаймын. Өйткені әлем үшін мұндай маңызды шешімді қабылдау жүгі Қазақстанға берілді. Ал Қазақстан ол уақытта өте жас мемлекет еді. Дегенмен Назарбаевтың көшбасшылығымен барлығы сәтті аяқталды. Қазақстанның 30 жыл ішінде тәуелсіз, адам құқықтарын қорғайтын жан-жақты мемлекетке айналғанына әлі де таңданамыз. Бұл әрине, қазақ халқының және сол кездегі Үкіметтің дұмыс шешім қабылдауының арқасы», - деді.

Айта кетейік, биыл 29 тамызда полигонның жабылғанына 30 жыл толады.