АҚШ-та мерекелік шаралар өтпейтін болды

АҚШ-та мерекелік шаралар өтпейтін болды

"Омикронның" өршуіне байланысты АҚШ-тың бірнеше қаласында жаңажылдық шараларға шектеулер қойылып, кейбірі мүлдем болмайтын болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Мәселен, Атланта әкімшілігі 30 жылдық тарихы бар дәстүрлі жаңажылдық кері санақты өткізуден бас тартты. Сан-Францискодаға отшашуды да американдықтар екінші жыл қатарынан тамашалай алмайды. Қала басшыларының айтуынша, қоғамның қауіпсіздігі мен қатерлі індеттің таралуына жол бермеу үшін жасалған шешім бұл.


Ал Чикаго, Лас-Вегас, және Нью-Йорк сияқты қалаларда жаңажылдық шаралар өткенімен, қатаң шектеулер қойылуда. Мәселен, Таймс Сквердегі кристалды шарды тамашалау үшін толықтай вакциналанып, ковид паспортын көрсетуіңіз керек. Сонымен қатар шараға әдеттегідей 60 мың адам емес, 15 мың адамға ғана қатысуға рұқсат етіледі.


Ал дәрігерлер болса, жаңажылдық шараларды онлайн форматта тамашалап, мерекені отбасының айналасында қарсы алуға кеңес беруде.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09