АҚШ-та футбол матчында атыс болды

АҚШ-та футбол матчында атыс болды
Cурет: Baq.kz

Атыс стадионнан шығатын дәлізде болған

Алабамадағы футбол матчында төрт адам жарақат алды. Белгісіз адам көпшілікке оқ жаудырған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz агенттігіне сілтеме жасап.

NBC news атыс кезінде көрермендер стадионнан шығуға асығып, ойыншылар жерге құлағанын мәлімдеді. Зардап шеккендердің бірі - ауыр жағдайда. Жараланғандардың төртеуі кәмелетке толмағандар.

Жергілікті полиция бастығы Пол Прейннің айтуынша, атыс стадионнан шығатын дәлізде болған. Барлығы жеті оқ атылды.
Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басы туралы ештеңе белгісіз.