АҚШ Президенті Джо Байден ковид екпесінің 3-дозасын қабылдады

АҚШ Президенті Джо Байден ковид екпесінің 3-дозасын қабылдады
interfax.ru

АҚШ Президенті Джо Байден Файзер-Биотек екпесінің үшінші дозасын қабылдады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Осылайша Ақ үй басшысы ковид індетіне қарсы бустердің қауіпсіз екендігін көрсетуді ұйғардым дейді. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мамандары екпенің үшінші компоненті 65 жастан асқандар мен арнайы күтімді қажет ететін адамдарға арналғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, үшінші доза қатерлі вирусты жұқтыру қаупі жоғары орындарда жұмыс істейтін 18 бен 64 аралығындағы тұрғындарға алуға кеңес берілген. Бустерді алу үшін екінші қос қомпонентті алғаннан кейін 6 ай күту қажет дейді мамандар. 

– Менің жасым 65-тен асқан. Демек бустердің маңыздылығын түсіну керек. Ең бастысы, екпенің толық компонентін алған адамның ағзасы ковидке де, басқа қатерлі ауруларға да қарсы тұра алады. Демек америкалықтар үшінші компонентті салдырудың қажеттігін ұғынуы тиіс. Өкінішке қарай, қазіргі таңда халқымыздың 23 проценті вакцинаның әлі бірде бір дозасын алмаған. Бұл эпиджағдайды ушықтыра түсетіні анық дейді Джо Байден.

Айта кетейік, осы күнге дейін амеркиалықтардың 189 миллионы немесе АҚШ халқының 55 проценті ғана толықтай вакциналанған.